"Айбарлы ердің сойы еді" 205 лет со дня рождения народного батыра Турмамбета Тулегожаулы.
"Айбарлы ердің сойы еді"
Тұрмамбет Төлеғожаұлының туғанына 205 жыл.
Тұрмамбет Төлеғожаұлы - халық батыры.
Ескелді атасынан тарайды. Ескелді ауылы көбінесе Тұрмамбеттей батырын, Саназардай байын, Салықбайдай палуанын, Сүгірдей жырауын мақтаныш етеді.
Тұрмамбет шынында да, айтуға тұрарлық бірегей тұлға.
Халық аузында
" Ескелді Тұрмамбет" деген атақпен кеңінен танылған.
Оның аты әсіресе "Балуанияз" жырында көбірек тілге алынады.
Сол жырдың басты кейіпкерінің бірі де Тұрмамбет.
1856 жылдың жазында Хиуаға барған сапарында Хиуа ханының Маңғыстау елін шабуға қол аттандырғалы жатқанынан құлағдар болып, суыт елге бет алады.
Жолшыбай досы Балуанияз батырға соғып, екеуі 60- қа жуық сарбаз жинап, ұрымтал тұс Қараған - Босаға жерінде күші басым жаумен ұрыс салады.
Жау жеңіліп, бірақ осы ұрыста Балуанияз бастаған көп адам ерлікпен қаза табады.
Тұрмамбет содан кейін жыл сайын Балуанияз басына зиярат етіп, дұға бағыштап өтуді дәстүрге айналдырады.
Соңғы сапарында бақилыққа аттанып, Балуанияздың қасына жерленеді.
Саудагер ертіп қасына,
Өзінің пайда басына,
Тұрмамбет барды базарға,
Базардан мақпал аларға.
Айбүйірден асқан соң,
Аттанып шыққан қол көріп,
Жосылып жатқан жол көріп,
Қайта шапты хабарға,
Алдыңғы келген аз ауыл
Самдағы бөлек адайға,
Тұрмамбет келіп сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді.-
Аттанып дұшпан келді, - деп,-
Дұшпанды көзім көрді, - деп,-
Түртпей қалмас бұл жерді
Бөлініп шыққан ер - ді, деп
Бақы батыр, бөрімен,
Бастығы Оразменді, - деп,
Талқан қылып шапқан - ды
Маңғыстаудағы елді, - деп,-
Осыдан қумай қалсаңыз,
Сындырды ғой
белді, деп.-
Балуанияз, Балтеке,
Қумаймысың, енді?!
- деп.-
-Кел , Асеке, қуалық,
Жанның ішін ұралық,
Жігітке бер желді,-деп,-
Осыдан барып өлгенің
Кәусар суын татарсың,
Кең сарайда жатарсың,
Шариғатқа жөн -ді!- деп,
Айбүйірден шапқалы
Азар жеттім еңменіп,
Болдырды атым шөл көріп,
Жалықпас еді жануар,
Мезгілімен суарып,
Оттатпадым жем беріп.
Жүрер еді әлде де
Қамшы бассам дем беріп.
Әулие Бекет жар болып,
Жолықтырған кез келіп.
Енді ,ағайын, сендерге
Хабар бердім мен келіп
Екі жүздей жәуміттің
Сыртынан келдім шем беріп.
Әй, батырлар, батырлар,
Екі жүз жәуміт аттанды!
Енді бұған амал не?
Қалнияз
Халық батыры Т. Төлеғожаұлы туралы тереңірек танысқыларыңыз келсе кітапханамыздың
Өлкетану залынан таба аласыздар.
: 10:12В отделе искусств нашей библиотеки тележка "Ай-стоппер" оформлена в "Цвет настроения - синий!". Читайте и развивайтесь вместе с нами! ...
"Тема независимости - в искусстве". Под таким названием оформлена книжная выставка в отделе искусств нашей библиотеки. Цель: представить читателям и ...
6 и 7 декабря 2019 года В "Департаменте Агенства РК по противодействию коррупции Мангистауской области" были открыты полки движения "Буккроссинг". ...
Книжный фримаркет радует жителей и гостей нашего города разнообразной литературой, выставленной в кафетериях. Сегодня в кафе Шанырак книжный ...
Дети, которые читают, станут взрослыми, которые думают.
Уважаемые сотрудники библиотек, учителя,читатели. Эта книга рекомендована Министерством РК для включения в обучение. Педагогам ш
Nobelpriset i litteratur) — престижная награда, ежегодно вручаемая Нобелевским фондом за достижения в области литературы. Одна из пяти Нобелевских ...
Через историю, происходящую на фоне казахстанской действительности, детям ненавязчиво предлагается информация о казахской культуре,